Демалыс күндері Қазақстанның барлық аймағында күн жылынады

Қыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 12:23 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батысында жаңбыр жауады. Ал солтүстік-батыста қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz
Алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан солтүстік-батыс циклон республиканың батысына қарай жылжи бастайды. Соның әсерінен 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне қар түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады.Синоптиктер

Болжам бойынша, еліміздің барлық аймағында температура жоғарылайды.

Термометрлер бағаны мынадай температураны көрсетеді:

  • батыста түнде -5...+5 дейін, күндіз +2...+13 дейін;

  • солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 дейін, күндіз -8...+ 2 дейін;

  • орталықта, шығыста түнде -8...-17, күндіз -1...-10;

  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 дейін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: