Қазақстанда адамдар көбіне қандай аурудан қайтыс болған

Медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 11:39 Сурет: pixabay
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда қайтыс болғандар саны – 183,4 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,8%-ға артық, деп хабарлайды Zakon.kz

2016 жылғы, яғни кейінгі бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда елімізде өлім-жітім бірден 38,5%-ға өскен.

Мысалы, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қайтыс болғандар саны 162,6 мың адам болған. Осылайша өлім саны 21,8%-ға артқан.

Өңірлер арасында ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында болды: 18,8 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,1%-ға артық.

Одан кейін Алматы облысы (18,7 мың адам, плюс 15,3%) және Алматы (18,4 мың адам, плюс 25,6%) келеді.

Ең аз өлім саны Маңғыстау облысында тіркелді: 4,5 мың адам. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 6,4%-ға көп.

Ranking.kz мәліметінше, қайтыс болғандар санының ең көп өсімі Алматы қаласында, ең азы Түркістан облысында (жылына 4,3%-ға 13,6 мың адамға дейін) байқалады. 17 облыстың тек біреуінде – Қызылорда облысында ғана бір жылда қайтыс болғандар саны 4,2%-ға азайып, 5,8 мың адамға жеткен.

  • Дүниежүзінде коронавирус өршіп тұрғанына қарамастан Қазақстанда адамдар ресми деректер бойынша (өлімнің белгілі себептерінің ішінде) көбіне қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болды.

  • Өлімге себеп болған аурулар арасында екінші орынды респираторлық аурулар алады: жылына 20,8 мың адам (11,1%).

  • Одан кейін түрлі ісіктен болған өлім-жітім саны: жылына –14,5 мың адам.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: