Жаңалықтар тізбегі
0

Баян Мақсатқызына сегізінші рет операция жасалды

Баян, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 10:40 Сурет: instagram/bayanmaxatkyzy
Продюсер Баян Мақсатқызы көзіне екінші рет операция жасатқанын айтты. Қазір ол Францияда денсаулығын оңалтып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында осыған дейін барлығы 8 операциядан өткенін жазды. Сонымен қатар жақында ол көзіне екінші рет операция жасатқанын хабарлады. Қазір продюсер Францияның Биарриц қаласында Атлант мұхиты жанында тынығып жатыр. Ол бұл қалада 6 жыл бұрын тыныққан екен.

Атлант мұхитының шуымен оянып, мұхиттан келетін сыбдырмен ұйықтап жүргеніме бір ай болып қалды. Қазір Францияның қазақстандықтарға онша таныс емес Биарриц қаласындамын. Бұл жер өте жайлы әрі романтикаға толы. Кезінде Наполеон осы жерге сүйіктісіне келген. Көзіме екінші рет жасалған операциядан соң осында тынығып жатырмын. Айтпақшы, барлығы 8 операциядан өтіппін. Бұл туралы бұрын айтқан емеспін. Денсаулығымды қайтару үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бәрі орнына келіп, толыққанды өмір сүретін боламын деп үміттенемін. Алда өзім үшін маңызды әрі күрделі, жауапкершілігі мол жоба күтіп тұр.Баян Мақсатқызы

Баян Мақсатқызы Берлиндегі жеңіс оны одан сайын шабыттандырғанын жазды. Сонымен қатар продюсер жақындары мен немересін сағынғанын айтты.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызының продюсерлігімен түсірілген «Бақыт» фильмі Берлин кинофестиваліндегі "Панорама" секциясында «Көрермен көзайымы» жүлдесін жеңіп алған еді. Фильм тұрмыстағы зорлық-зомбылық жайында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: