«Қатты үйленгісі келді»: Ағайынды Жүгінісовтердің кенжесі үйленді
Мұхаммедәли Жүгінісовтің тойы Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде өтті. Ағайынды әншілердің әріптестері оны шаңырақ көтергенімен құттықтап жатыр. Соның ішінде ағасы Мирас Жүгінісов те тойда болып, өзінің хит әндерін шырқады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
Муханың тойында ән айтпасам күнә ғой. Рұқсатымды бердім. Қатты үйленгісі келді.Мирас Жүгінісов
Тойды Тұрсымбек Қабатов жүргізген. Ол Мирасты ортаға шығарып, Жүгінісовтердің ортаншысы ретінде таныстырды. Сонымен қатар тойға эстрада жұлдыздары да шақырылған.
Мұхаммедәлидің қалыңдығының есімі – Медина. Тойдағы бір ерекшелік – күйеу жігіттің анасы Айнұр Жүгінісова қазақы нақышта безендірілген кимешек киюі.
Балалықпен қоштасып, шаңырағымызға жылуы мен нұрын шашып келген, бала келінім! Келген қадамыңа нұр бітсін! Той – қазақтың қазынасы! Әр отбасыға той мен қуаныш көруді жазсын. Жұғысты болсын! – деп жазды ағайындылардың анасы Айнұр Жүгінісова.
Еске сала кетейік, 6 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Мирас Жүгінісовтің жеке концерті өтеді.