Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Сурет: Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Қозыбеков Талғат тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғат Қозыбеков Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «экономиcт-маркетолог» мамандығы бойынша және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша Салық комитеті салық аудиті бөлімінің салық инспекторы болып бастады.
Осы жылдарда басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript