Жаңалықтар тізбегі
0

Тамара Асар қызы Ажарды алғаш рет көрсетті

Тамара Асар, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 16:05 Сурет: instagram/tamara_assar_official
8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнінде әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамара Асар 8 наурыз күні Instagram-дағы парақшасына сәбиі Ажар көтеріп тұрған фотосын жариялап, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Фотода кішкентай Ажар құндақталған. Анасы оны көтеріп, сүйсініп тұр.

Әлемді әдемілігімен әлдилеген әйел затының әсем мерекесі – 8 наурыз құтты болсын! Барша ақжаулықты аналарды, жеңгелерді, апайларды,апаларды, келіндерді,құрбыларды,сіңлілерді, шәйқұяр бөпелерді шын жүректен құттықтаймыз! «Әлсіз ғой» деп аялайтын ерлердің мәңгі музасы болайық. Олар қорғанымызды мықтасын,біз орманымызды түптейік. Алла бізге бейбіт күннің бесігін тербетуді мәңгіге еншіге берсін. Жасымызға қарамай әрбір қызжүрек жан бақыттың базарында шалқиық.Тамар Асар

Тамара Асар осы құттықтауды оқыған әр адам комментарийге  «Бейбіт күннің бесігін тербетейін, әмин» деген сөз жазып кетуін сұрады. Бір күнде әншінің осы жазбасына 20 мыңға жуық лүпіл басылған, 1600-ге жуық комментарий жазылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: