8 наурыз күні елордада 19 қыз дүние есігін ашты

Халықаралық әйелдер күні астанамызда 51 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 8 наурыз күні бір тәулік ішінде Нұр-Cұлтан қаласының перзентханаларында 51 нәресте дүниеге келді.
Екі жыл қатарынан бұл күні туу көрсеткіші бойынша ұл балалар көш бастап тұр. Биыл 32 ұл бала, 19 қыз бала туылды.
Сәбилер де, аналарының да жағдайы жақсы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript