Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында көне арба табылды

Түркістан облысы, көне арба, тарихи жәдігер, мұражай, экспонат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 23:24 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында өзеннен көне арба табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, арба шамамен 100 жыл бұрын қолданылған. Көненің көзіндей болған жәдігер Шұбар ауылының маңынан табылған.

Оны жергілікті тұрғын байқап, тарихи жәдігер екенін бірден түсініпті. Экспонат табылған жерге мұражай қызметкерлері барып, оны қалпына келтіру жұмысын қолға алды.

Мұражай қызметкерлері ғасырға жуық уақыт өтсе де, арбаның жақсы сақталғанын айтып отыр. Арбаның екі дөңгелегі ғана жоғалған, ағашы мен металы бүлінбеген. Қалпына келтірілгеннен кейін ол көпшілік назарына ұсынылады.

Қазір трактордың, машинаның заманы, бірақ 19-20 ғасырларда колхоз жұмыстарында арбалар пайдаланылды: бидай, шөп, адам тасыды. Мұндайды бірінші рет тауып отырмыз. Көбінесе керамика мен мыс монеталар табылатын.Мұражай меңгерушісі Ерік Әшірбердиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: