Жел, тұман, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жасалды

тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 18:02 Сурет: pixabay
«Қазгидромет» синоптиктері 11 наурызда еліміздің солтүстігі мен батысында жел мен тұман болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 наурызда мына өңірлерде дауылды ескерту жасалды:

Ақмола облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жезқазғанда күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығын тұман басады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында жел күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылордада кей уақытта тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Шығысында, солтүстік-шығысында жел соғады. Облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда түнгі уақытта көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Шығысында, солтүстік-шығысында жел соғады, түнде жел екпіні секундына 18 метр.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болады. Сонымен қатар облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың орталығында, солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: