Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда утилизациялық төлемнің жаңа базалық мөлшерлемесі ұсынылды

Утилизациялық алым, утильалым, трактор, комбайн, ҚР Экология министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 11:00 Сурет: pixabay
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауылшаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық ставкасы және коэффициенттері әзірленді.

Мынандай санаттар үшін базалық мөлшерлемені 50 АЕК (153 150 теңге) көлемінде бекіту ұсынылады:

  1. М1 санатының, оның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ квадроциклдерді, қарсоқпақтарын, қар жүргіштерді, мотовездеходкаларды және трициклдерді қоспағанда, СЭҚТН 8703 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары;

  2. N1, N2, N3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтарының топтарына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары («X» санатындағы коммуналдық-жинау машиналарын қоспағанда);

  3. М2, М3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚТН 8702 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары;

  4.  тракторлар;

  5. астық жинайтын комбайндар, жем шөп жинайтын комбайн.

    Сондай-ақ автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган берген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған кезде көлік компаниялары импорттайтын халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын ершікті тартқыштарға қатысты 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 0 коэффициенті қолданылатыны атап өтілді.

    Талқылау үшін құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: