Оралдағы әуежайға Мәншүк Мәметованың есімі берілді – қаулыға қол қойылды

Мәншүк Мәметова атындағы әуежай, Орал, үкімет, қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 09:28 Сурет: Facebook/bakytzhan.narymbetov
 «Орал» халықаралық әуежайына ресми түрде Мәншүк Мәметованың есімі берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайға Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс өткен жылы қоғам қайраткерлері мен депутаттардан түскен-ді.

Мәншүк Мәметова Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Қызыл Армия қатарында пулеметші болып қызмет етті. Ол соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыласын жойып, 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағын алды.

Қаулы мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: