Жаңалықтар тізбегі
0

2022 жылғы Ораза кестесі

мешіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 13:55 Сурет: Тараз қаласының әкімдігі
Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні, деп хабарлайды Zakon.kz.

ораза, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 13:55

Сурет: Zakon.kz

ораза, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 13:55

Сурет: Zakon.kz

ораза, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 13:55

Сурет: Zakon.kz

Ораза кестесін мына жерден де жүктеп алуға болады.

Биыл пітір садақа мөлшері жан басына 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Оразаға ниет ету дұғасы: Алла разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Саған иман келтірдім. Бір өзіңе тәуекел еттім. Өзің берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла, менің біліп-білмей істеген күнәларымды кешір!

Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде сумен, құрмамен немесе басқа да жеміспен ашуға болады.Тарауық намазы құптан намазынан соң оқылады. Ал үтір-уәжіп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: