Ақтөбе әуежайының жұмысы қайта жанданды

Ақтөбе әуежайы, ұшу-қону жолағы, ҚР Азаматтық авиациясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 16:43 Сурет: aeroport.kz
28 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды. Ұшақтар жасанды ұшу-қону жолағының жөнделген бөлігінен бір бағытта, күндізгі уақытта ұшырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25-28 наурыз аралығында ҚР Авиация әкімшілігінің инспекторлары әуеайлақтың жұмыс аумағы жағдайын тексеріп, «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ-ның ұшу-қону жолағын пайдалануға дайындығын бағалады.

28 наурызда сағат 16:00-ден бастап аэродром эксплуатанты жүргізген жұмыс көлемін негізге ала отырып, сондай-ақ ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін ескеріп, мынандай уақытша шектеулермен ұшу-қону жолағын пайдалануға беру туралы шешім қабылданды: ұшу-қону жолағының жұмыс ұзақтығын қысқарту, ұшу-қону жолағынығың жөнделген учаскесінен тәуліктің жарық уақытында бір бағытта ұшыру.Азаматтық авиация комитеті

Бұған дейін Ақтөбе әуежайы 17 сәуірге дейін жабылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: