Президенттің баспасөз хатшысы жаңа қызметке тағайындалды
Берік Уәли 1977 жылғы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы» мамандығы бойынша;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «журналистика» мамандығы бойынша;
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын «Таң» телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, «НТК» телеарнасының шығарушы редакторы, «31-арнада» жауапты және бас редактор, «Хабар» агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының «1-студия» ток-шоуының жүргізушісі, «Нұр Медиа»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медиа» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылғы наурызда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында «Президент телерадиокешені» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.