Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік арзандай ма – ҚР ИИДМ жауап берді

Автокөлік, ҚР ИИДМ, көлік бағасы, жеңілдетілген автонесие, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 11:06 Сурет: Zakon.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет кулуарында көлік бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біз өзіміздің автоөнеркәсіпті назарда ұстаймыз. Қазір оның бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесиеге келер болсақ, автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін несиеленеді, бірақ сіз одан да қымбат автокөлікті сатып алуға құқылысыз, алайда айырманы өз қаражатыңыздан төлейсіз.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуір айының соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты.

Біз әзірге қазақстандық көліктердің бағасын айтарлықтай көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бағалар күн сайын өзгеріп жатыр, сондықтан ертең бағаның қандай болатынын айту қиын. Көптеген позиция бойынша тіпті бағаның төмендеу тенденциясы келе жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: