Доллар 11,44 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасы, доллар, юань, рубль, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 11:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 11,44 теңгеге төмендеп, 458,76 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,4 теңге, қытай юанінің бағамы 74,12 теңге болды.

Соңғы күндері еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ, оның бағамын Ұлттық банк 520,13 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 455-461 теңгеден, еуро 508-515 теңгеден, рубль 5,2-5,8 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,81%-ға өсіп, 105,08 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 0,73%-ға өсіп, барреліне 108,50 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: