Рамазан айында Нұр-Сұлтанның ірі мешіттерінен автобустар түнде де қатынайды

автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 12:10 Сурет: Zakon.kz
Әкімдікте өткен брифингте елордалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қасиетті Рамазан айына дайындық аясында құзырлы органдар атқарып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетейік, қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. Ораза айт 2 мамырда. Сәуірдің 28-іне қараған түн – касиетті Қадір түні.

Елордалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша, Рамазан айында Нұр-Сұлтан тұрғындары мешіттерден түнгі уақытта автобуспен қайта алады.

Елордада 12 мешіт бар. Мемлекеттік органдар мен ҚМДБ бірлесіп, Рамазанға дайындалып жатыр. Рамазан айында түнгі уақытта қаладағы Хазірет Сұлтан, Әбу Наср әл-Фараби, Сәдуақас қажы Ғылмани, Ырыскелді қажы, Рахымқызы Раиса ана мешіттерінен автобустар қатынайды. Нұр-Сұлтан қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов

Еске сала кетейік, қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. Ораза айт 2 мамырда. Сәуірдің 28-іне қараған түн – касиетті Қадір түні.

Биыл пітір-садақа жан басына 500 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: