Ұлы мен әйелін алып кетуге келген ер адам перзентхана қызметкерлерін таң қалдырды
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы №4 перзентханаға келген кортеж елдің назарын бірден өзіне бұрды. Өйткені бұл лимузин немесе басқа да жайлы темір тұлпарлар емес, еңселі ауыр жүк көліктері - «Камаздар» еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сөйтсе бұл көлік түрі кездейсоқ таңдалып алынбапты. 27 наурызда ұлы дүниеге келген ер адам «Камаздың» жүргізушісі болып шықты, сондықтан оның әріптестері қуанышына орай осындай тосын сый жасауды жөн көріпті.
Біздің екі үлкен баламыз бар. Біреуі – ұл және тағы бірі - қыз. Бұл біздің үшінші баламыз. Ұлымызға Айтөре деп есім бердік. Менің күйеуім КАМАЗ-дың жүргізушісі. Бірақ мына жағдай мен үшін нағыз тосынсый болды. Жұбайымның осындай салтанатты шерумен келеді деп ойламаппын. Өте бақыттымын! Үшінші баламды №4-ші перзентханада дүниеге әкелдім. Осындағы барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Гүлмира Батырбай
Ер адам әйелі мен ұлын бес автокөлікпен алып кетуге келді. Гүлмира Батырбай 27 наурызда дүниеге ұл алып келді. Оның салмағы 3 келі 900 грамм, бойы - 55 см.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript