Түркістандық мұғалімдер оқытылмаған оқушы үшін жалақы алып келген

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 10:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Сарыағаш ауданының мұғалімдері ерекше балаларды оқытпаса да, жалақы алып келген. Бұл бір мектептегі жағдай емес. 23 білім ошағында осылай жалған есеп берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арнаның" жазуынша, мұндай балалардың саны 65-ке жуық. Заңсыз әрекет прокуратура жүргізген тексерісте анықталды. Үйінде сабақ оқыттық деген бала айлап ауруханада емделген. Мәселен, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеу ғимаратында болса да, үйіне барып, білім бердік деген мұғалімге 319 мың теңге жалақы аударылған. Осылайша, мемлекетке 4 миллион теңгеден астам шығын келді.

"Сарыағаш ауданының прокуратурасы инклюзивті білім беру саласында еңбек және бюджет кодекстерінің сақталуына талдау жүргізді. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мағыналас жұмыстар барлық қала-ауданда жүргізілуде". Дінмұхаммед Жүсіп, Облыс прокуратурасының басқарма прокуроры:

Бұған дейін алматылық тұрғындардың 1800%-дық кіріс табамыз деп, 230 миллионнан астам қаражатынан айрылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: