Алматы облысында мұғалімдер іс жүзінде көрсетілмеген қызметтері үшін төлемақы алып отырған
Сурет: zakon.kz/afisha.ru
Алматы облысында ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге стационарлық емделу кезінде іс жүзінде көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факт Алматы облысының прокуратурасының инклюзивті оқыту мәселесі бойынша білім басқармасында жүргізген тексерісі кезінде мәлім болған.
"Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды". Алматы облысының прокуратурасы
Облыстық прокуратурасымен осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда және инклюзивті оқыту стандарттарын сақтау мен мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану әр балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript