Ғалымдар іш пыстыратын адамдардың тізімін жасады
massaget.kz ссайтының жазуынша, зерттеу жұмысына 500-ден аса адам қатысқан.
Зерттеу нәтижесінде мынандай «іш пыстырарлық» қасиеттер тізімі жасалды:
Сала бойынша: деректер талдаушысы, есепші, салық немесе сақтандыру маманы, тазалық қызметкерлері, банк қызметкері, кеңсе қызметкерлері, сатушылар.
Хобби бойынша: ұйқы, діни сала, теледидар көру, жануарларды бақылау, математика, алкоголь мен шылым тұтыну, оқу, үй жинау.
Мінез бойынша: қызығушылықтың болмауы, әзілдей алмау, өз пікірін білдіре алмау, пессимизм, қарым-қатынас дағдыларының нашарлығы (тоқтаусыз сөйлеу және әңгімелесушіні тыңдамау), ойлау көкжиегінің тар болуы.
Адаммен сөйлесу барысында ойы өзгеруі мүмкін. Бірақ, хоббиі не жұмысы іш пыстырарлық болған жағдайда адамдар әңгімені ары қарай жалғастырмайтыны белгілі болды.