Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 15:35 Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласының 7-9 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполисте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 сәуір күні көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +28...+30°С.

8 сәуір күні де көшпелі бұлт шығады. Кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің күші секундына 2-7метрге жетіп, найзағайдың екпіні 12 метр болады. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +22...+24°С.

9 сәуір күн көшпелі бұлтты. Күндіз – жаңбыр, найзағай. Жел күші секундына 0-5 метр, күндіз найзағай кезінде екпіні секундына 10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +20...+22°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: