Тексерілген ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпсіздік талабына сай келмеді – ДСМ
Сурет: pixabay
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша олардың 43,5%-ы талапқа сай келмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5%-ды құрады. Оның ішінде, отандық – 1 (0,5%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 16 (9,2%), басқа елдер –156 (90,1%).Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Ведомство өкілдері атап өткендей, негізінен, бұзушылықтар: таңбалауға қатысты – 100%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша – 3,4%, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша – 8% (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).
Сауда кәсіпорындарында екі айда құжатсыз сатылған және талаптарға сәйкес келмейтін 3,6 келі ойыншық сатудан алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript