Қазақстан қант импортына квота бөлу ережесін өзгертті

Осылайша импорттық қант (құрамында қант бар өнімдерді өндіруден басқа) тек ішкі нарықта сатуға арналғаны туралы түсініктеме берілді.
Ақ және шикі қанттың импортына квотаның бөлінген жағдайда уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей 31 тамызға дейінгі кезеңге ақ қант пен шикі құрақ қантының импорты үшін өзінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен квота көлемін бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жариялайды.
Сонымен қатар мынадай жаңа қағидалар енді:
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім.
Импортталатын тауардың мақсатын растау.
Бұйрық 2022 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсанда пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.