Алматыдағы өртенген резиденцияның орнына саябақ пен амфитеатр салынуы мүмкін
«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, мамандар аумақты абаттандырудың бірнеше нұсқасын ұсынды:
Мемориалды саябақ.
Бұзылатын ғимараттың барлық периметрі бойынша шырша отырғызу жоспарланған.
Қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған саябақ.
Онда павильондар мен ашық аспан астындағы театр орнатылады.
Саябақты «Бірлік» деп атау ұсынылды. Тұжырымдамалар әлі бекітілген жоқ.
Адамдар ол жаққа жай жүру үшін бармайтынын түсіндік. Біз бірнеше жеңіл павильондар жасауды ұсындық. Павильондардың бірі – балалар орталығы. Екінші павильон – осы ғимараттың мұражайы, үшіншісі – павильон, өнер кеңістігі. Онда суретшілерге, сәулетшілерге арналған іс-шаралар өткізуге болады. Ашық амфитеатрдың нұсқасын да дайындадық. Kazgor жобалық академиясының бас сәулетшісі Антон Федянин
Бұған дейін мамандар резиденцияны бұзуға 6 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді. Қаражаттың жартысы бұзуға, қалғаны коммуникацияларды жөндеуге және аумақты қалпына келтіруге жұмсалады.
Құрылысшылар дайындық жұмыстарын бастап та кетті.Қаңтарда бүлікшілер Алматыдағы президент резиденциясының ғимаратын тонап, өртеп жіберді.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ғимаратты бұзып, орнына қала тұрғындарына саябақ салуды тапсырды.