Алматыда әдеуметтік желіні бұғаттауға қарсы митинг өтеді

митинг, адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 11:27 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң жобасына түзетулерді қабылдауға қарсы митингті мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заң жобасындағы бұл түзетулер балаларды қорлау немесе қажетсіз ақпарат бар жазбалар мен пікірлерді бұғаттауды қарастырады. Азаматтық белсенділер соның салдарынан кез келген әлеуметтік желіге тосқауыл қоюға болады деп отыр. Сондықтан олар Алматыда митинг өткізіп, түзетулердің енгізілуіне наразылық білдірмек.

Түзетулерді мәжіліс мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Рұқсат етілген митинг 23 сәуір күні сағат 12:00–14:00 аралығында Алматыдағы Махатма Ганди саябағында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: