Жел мен найзағай: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.«Қазгидромет» РМК
Қостанайдың оңтүстігінде, солтүстік-батыста, Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз шығыста, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батысында, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батысында күндіз найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанды.
Алматы облысында Жалаңашкөл маңында жел екпіні секундына 18-23 метр күшейеді.
Түнде және таңертең солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Сонымен қатар шаңды дауыл болады деп болжанды.
Күндіз Павлодардың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде солтүстік-шығысында найзағай ойнайды