Жаңалықтар тізбегі
0

Мобильді аударымдарды бақылау: Такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме

ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, моблиьді аударымдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 10:10 Сурет: жеке архивтен
15 сәуір күні Қаржы министрлігінің мобильді аударымдарды бақылаудың мерзімі мен тәртібін бекіту туралы бұйрығы күшіне енді. Мобильді ақша аударымдарының тексерілетін естіген қарапайым халық бұйрықтың мәнін түсінбей, дүрліге бастады.

Осыған орай Zakon.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаевамен сұхбаттасқан еді.

Қаржы министрлігі өкілі атап өткендей, бұл өзгеріс салықтан жалтарып, кәсіпкерлік табысын жасырып жүрген азаматтарға бола енгізілген.

Қазақстанның кез келген азаматы егер бір жылдағы кәсіпкерлік табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асса, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті!

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық азаматтарын жаппай тексеру 2025 жылы ғана іске асырылады. Биыл бұл бақылау тек мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметке теңестірілген адамдар мен жұбайларына жүргізіледі.

Сала маманы тексеру тәртібіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, 2023 жылдың басында Мемлекеттік кірістер комитеті банктерге Жалпыға бірдей декларациялау аясында декларация тапсырған мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының, мемлекеттік қызметке теңестірілгендер мен олардың жұбайларының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ғана көрсетілген тізімін жібереді.  Сол ЖСН арқылы банктер тізімдегі азаматтардың 2022 жылдың қорытындысы бойынша үш ай қатарынан ай сайын 100 әртүрлі адамнан аударым алған-алмағанын тексереді. Егер артық төлем алғаны анықталса, сол азаматтардың ЖСН нөмірін бізге қайта жібереді. Айта кетерлігі, ол азамат қанша теңге алды, кімнен алды дегендей артық ақпарат болмайды, яғни жеке бастың құпиясы сақталады. Тек қана ЖСН нөмірі беріледі. Тізімді алған соң мемлекеттік кірістер органдары тиісті салықтық бақылау, әкімшілендіру жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар аясында сол азаматтарға хабарлама жібереді, хабарламаны алғаннан кейін азаматтар алған мобильді аударымдарды қандай мақсатта алғанын дәлелдеуі қажет. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, егер мобильді аударымдар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке мақсатта жүргізілген болса, мәселен, әріптестер арасында той-томалаққа, өлім-жітімге т.с.с жиналған ақша болса, ол азамат соны дәлелдеп бере алады. Оған кәсіпкер ретінде тіркелу туралы талап қойылмайды. Егер кәсіпкерлік мақсатта алып отырған болса, онда ол ары қарай кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсібін заңдастыруы тиіс.

Бірден айыппұл салынбайды. Хабарлама жіберіліп, уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында тиісті түсіндірмесін беруі керек. Мақсатымыз жаппай айыппұл салу емес. Мақсатымыз – халықтың қаржылық сауатын көтеру, екінші жағынан тұтынушылардың құқығын қорғау. Мәселен, дүкеннен тауар сатып алып, ақысын мобильді аударым арқылы төлеген тұтынушыға фискалды чек берілмейтін жағдайлар көп кезедеседі. Мемлекеттік кірістер органдарына «Фискалды түбіртек бермеді, пост терминалмен картаны қабылдамады» деген мазмұндағы шағымдар көп түседі. Ең алдымен, тұтынушының құқығы қорғалуы керек. Өйткені ол түбіртек алуға, өзіне ыңғайлы тәсілмен есеп айырысуға құқылы.Айнұр Сартаева

Министрлік бақылау шарасының кезеңін бекітті. Сол бойынша:

  • 2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының, мемлекеттік қызметке теңестірілгендер мен олардың жұбайларының;

  • 2023 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайларының, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен жұбайларының;

  • 2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен олардың құрылтайшыларының, жұбайлары мен жеке кәсіпкерлердің, олардың жұбайларының мобильді аударымдары жоғарыда аталған әдіспен бақыланатын болады.

  • тек 2025 жылдан бастап еліміздің басқа санаттағы барлық азаматтары осы бақылауға енеді.

Қазірге барлығының бірдей уайымдайтын реті жоқ. Себебі дәл қазір оларды ешкім тексергелі жатқан жоқ.Айнұр Сартаева

Маман Қазақстан азаматтарын сол мерзімге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпті заңдастыруға шақырды.

Атап өтерлігі, дүниежүзіндегі дамыған елдердің салық ставкаларымен салыстырар болсақ, біздің елде салық ставкалары әлдеқайда төмен. Мысалы кәсіпкер патентпен жұмыс істейтін болса, оның ставкасының пайызы бір процент қана. Оңайлатылған декларациямен тапсырса, онда үш-ақ процент төлейді. Мұндай ставка басқа елдерде жоқ. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге осы сияқты жеңілдік жасалған.

Одан бөлек, шағын /микробизнес кәсіпкерлері 3 жылға салықтан және тексерулерден босатылған.Айнұр Сартаева

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары министрлік салық есептеу, төлеу жұмыстарын жеңілдететін e-Salyq Business мобильді қосымшасын әзірленгенін тағы да еске салып өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: