Қазақстанда өткен тәулікте 10 адам COVID-19-ға шалдықты

COVID-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 09:10 Сурет: Zakon.kz
Өткен тәулікте бір күн бұрынғымен салыстырғанда COVID-19 жұқтыру дерегі үш жағдайға артық тіркелді. Инфекция жұқтырғандар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен ШҚО-да анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметпен бөлісті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 3,

Алматы қаласында - 5,

Шымкент қаласында – 1,

Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 457-ге жетті.

Қазақстанда 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 4,

Алматы қаласында - 6,

Алматы облысында - 2,

Қарағанды облысында - 1,

Елімізде барлығы 1 290 988 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: