Атырауда сарышаян қаптап кетті

сарышаян, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 12:31 Сурет: unsplash
Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны ауыл маңында сарышаянның көбейіп кеткенін байқап, видеоға түсіріп алған. Жәндіктің көбеюіне тұрғындар алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мgorod.kz сайтының хабарлауынша, эколог Галина Черновая шаяндардың белсенділігінен үрейленудің қажеті жоқ екенін айтып отыр. Былтыр дәл осындай жағдай Жұмыскер, Нұрсай ауылдарында да болған. Маманның сөзінше, Атыраудағы сарышаянның ешқандай қаупі жоқ. Қауіпті болса, Африкада тіршілік ететін улы қарашаян қауіпті.

Сарышаянның уын араның уымен салыстыруға болады. шаққанда ауырады, шаққан орны ыстық инені сұғып алғандай әсер қалдырады. Ауырғаны бірнеше сағаттан соң басылады. Одан адам уланбайды. Шаянның шағуы тек балалар үшін қауіпті, – деп ескертті маман.

Сарышаян әдетте аяқкиімнің ішіне кіріп кетуі мүмкін. Оның үстіне кішкентай әрі сары болып көрінбей де жатады. Сондықтан маман аяқкиімді кимес бұрын мұқият болуды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: