Өлген тауыс Шымкент зообағына келушілерді қорқытты
Сурет: unsplash
Шымкент зообағының қызметкерлері өлген құсты дер кезінде байқамай қалған. Келушілердің ашуынан кейін барып олар өлікті алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласының тұрғыны Диана Мирсиева хайуанаттар бағын аралап жүріп өлі тауысты байқап қалған. Ол құс қауырсындарының қалдықтарын видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Шамасы, тауыс баяғыда өлген.Диана павильонға барар жолда-ақ жағымсыз иіс болғанын айтты.
Шымкент зообағы директорының орынбасары Зульфия Ғаниева қызметкерлердің өлген құсты дер кезінде байқамағанын түсіндірді. Тауыс өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.
Құстар тұратын вольер өте үлкен. Ол шағын көлдің артында орналасқан. Ал онда құстардың түр-түрі бар. Негізінен біразы үй құстары, оның ішінде тауыстар да бар еді. Әрине, бақ қызметкерлері оларға қарайды, тазалайды. Өлімнің себебін де айта алмаймын. Бір жағынан тауыс өзі бүгін жүріп, ертең басын салбыратып тұратын құс.Зульфия Ғаниева
Айтуларынша, хайуанаттар бағының қызметкерлері тауыстың өлігін зообақтан алып тастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript