Қазақстанда сәуірдің соңы суық болады
Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда 28-30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Жел соғатыны, ауа температурасының төмендеуі болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның батыс облыстарына Ақ теңіз аудандарынан циклон жылжиды. Одан кейін ол шығысқа қарай жылжи отырып, еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік облыстарына да әсер етеді. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 30 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр болады.«Қазгидромет» РМК
Республиканың оңтүстік жартысының ауа райы оңтүстік циклон әсерінен қалыптасады. Ол 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтиды. Соның салдарынан бұршақ пен дауыл болады.
Қазақстан аумағында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Сонымен қатар батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, республиканың қалған бөлігінде жоғарылауы болжанды.«Қазгидромет» РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript