Димаш Қазақстанда: әнші турнеден соң қалай демалып жатқанын көрсетті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 15:20 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген осы көктемде Еуропаның біраз елінде және Дубайда жеке ән кешін өткізген еді. Ал бүгінде Димаш Қазақстанда екенін, демалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші қазір Нұр-Cұлтанда. Достарымен кездесіп, компьютер ойындарын ойнап, елде демалып жатыр. Бұны Димаш Instagram-дағы парақшасында жазды.

Елге келген бойда достарымның сүйреп алып кететін жері - Counter-strike. Әдетте өз өмірімнен түсірілген кадрларды бөліспеймін. Бірақ бүгін жігіттермен контр-страйкті қалай ойнайтынымызды көрсетейін деп шештім. Біз бұрынғының жігіттеріміз, сондықтан классикалық 1.6 ойнаймыз, – деп жазды Димаш.

Әншінің жанкүйерлері оны әдеттегідей қолдап жатыр:

  • Дядя Дишка, сен өзің айтқандай бұрынғының адамы емессің

  • Еуропадағы турнеден соң біздің жігіттер демалып жатыр. Жарайсыңдар

  • Супер

  • Ақ Димаш, сен немен айналыссаң да, саған жарасады

  • Жақсы демал, Димаш! Видеоға рақмет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: