Алматыда «Батырларға тағзым» атты шеру өтті

Шеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 10:17 Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Батырларға тағзым" атты акция өтті. Қала тұрғындары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою үшін Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына дейін жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті, сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік түскі ас ұйымдастырылады.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мерекелеу орнында әскери шатырлар тігіліп, заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақтар қойылды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мерекелік іс-шаралар күні бойы аудандық әкімдіктердің алаңдарында, сондай-ақ саябақтарда, тіпті тұрғын үйлердің аулаларында да өтетін болады.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: