Шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында әуе рейстері көбейеді
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 рейс ұшады, оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты бойынша да рейстер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 мамырдан бастап Air Astana әуекомпаниясы А321LR үлгісіндегі әуе кемесінде Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша әуе рейстерін аптасына 5-тен 6 рейске дейін, сондай-ақ 1 маусымнан бастап 6-дан 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, 2 маусымнан бастап Lufthansa авиакомпаниясы А330/А340 әуе кемесінде Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден аптасына 7 рейске дейін ұлғайту жоспарда бар.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің айтуынша, барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript