Жаңалықтар тізбегі
0

Шомылу маусымы келе жатыр: ТЖМ судағы қауіпсіздік ережесін еске салды

суда шомылу ережесі, жаз, жүзу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 15:57 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте судағы қауіпсіздік ережесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейінгі жылдардағы статистикаға қарасақ, 2020-2021 жылдары Қазақстанда 857 адам суға батып кеткен. Оның 248-і балалар. Бүгінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 25 адам суға кетті, оның үшеуі бала.Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов

Сыздықовтың айтуынша, суға батқан адамды алғашқы үш күнде белсенді түрде іздестіру жүргізілсе, одан кейін осы уақытта табылмаса, пассивті іздеулер жеті күн, ал бақылау тағы үш күн жалғасады.

Бүгінде елімізде 490 рұқсат етілген шомылу аймағы анықталды. Оның 187-сі коммуналдық болса, 287-сі – жеке жағажайлар. Саны көбейеді. 16 орын бойынша нақты иелеріне беру жүргізіліп жатыр. Қазақстанда тұрғындардың суға түсуі және демалуы үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су қоймасы бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері азаматтар жиі пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Оларда 490-нан астам құтқарушы тәулік бойы кезекшілік етеді. Биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады.Бауыржан Сыздықов

Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басшысы су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салды:

  • тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайды;

  • тереңдігі белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, өйткені адам басын соғып алуы мүмкін;

  • жүзуді білмей, ауа матрасы немесе камерамен суға түсуге болмайды;

  • арнайы белгілерден өтіп, жүзіп кетуге болмайды;

  • алкоголь сусындарды ішуге, мас күйінде суға түсуге тыйым салынады;

  • қайық пен моторлы қайықтарға қарай жүзуге болмайды;

  • балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Сонымен қатар Бауыржан Сыздықов рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу бапқа сәйкес әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 364-бабына сай жалпы суды пайдалану ережесін бұзушыларға ескерту жасалады.

Коммуналдық жағажайларда балаларға қауіпсіз болатын жағажайлар дайындау аяқталып жатыр. Онда құтқарушылар балаларға жүзуді үйретеді. Республикада барлығы 265 стационарлық бассейн, 146 рамалық-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері бұл бассейндерде 26 мыңнан астам бала жүзуді үйренген. 2GIS платформасында еліміздің барлық өңірлеріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы деректер бар.Бауыржан Сыздықов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: