Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 10:09 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 43 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 36,1 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;

  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;

  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

  • егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: