Алматыдағы Түрксіб ауданында кейбір үйде ыстық су уақытша болмайды
Сурет: pixabay
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Түрксіб ауданының тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі:
23 мамырдан 27 мамырға дейін мына көше контурларында:
Лисаковская-Волочаевская-Береке-Айша-Бибі;
Таштитова-Хабаровская-Свердловская-Орджоникидзе.
30 мамырдан 27 маусымға дейін мына көше контурында:
Огарева-Қалмаржын-Ахметова-Закарпатская.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу болуына байланысты шектеулер енгізілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript