Павлодардағы жаппай улану: тергеу басталды

Павлодар облысы, жапапй улану, сотқа дейінгі тергеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 14:16 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында белгісіз заттан жеті адам уланып қайтыс болды. Облыстық полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті 26 мамырда Ертіс кентінің тұрғындары белгісіз сұйықтықтан уланғанын мәлімдеді: жеті адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үшеуі үйде, біреуі реанимацияда, тағы үшеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Белгісіз сұйықтықты Ертіс өңірінің тұрғыны сақтап келгені анықталды. Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: