«Медузаға ұқсайды»: Мальдив аралдары ғарыштан видеоға түсірілді

Мальдив аралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 17:06 Сурет: unsplash
«Союз ТМА-М» бортинженері, Роскосмостың сынақ ғарышкері Олег Артемьев Мальдив аралдары ғарыштан қалай көрінетінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарышкер Instagram-дағы парақшасында фотолар топтамасынан видео жариялады.

Біз #ПоЗаявкам айдары және ғарыштан түсірілген фотолар топтамасын жалғастырамыз. Мальдив аралдары! Келесіде не ұсынайық? – деп жазды ғарышкер Олег Артемьев.

Сынақ-ғарышкердің әлеуметтік желідегі оқырманы бейнероликті өте жақсы бағалады. Біразы Мальдив аралдарын видеодан көріп, әдемілігіне таңданып жатыр.

  • «Сұлулық!»

  • «Ал ғарыштан Мальдив аралдары медузаға ұқсайды»

  • «Өте әдемі, рақмет, Олег! Шпицберген, Франц Йозеф жері және Солтүстік полюстің фотоларын күтеміз.

Сонымен қатар желі қолданушылары Олег Артемьевке өз ұсыныстарын айтып жатыр.

Олег Артемьев бірқатар фотоларды Telegram-дағы каналына да жариялады.

Бұған дейін ғарышкер Олег Артемьев Балқаш көлін, Каспий мен Арал теңіздерін және Ақтауды ғарыштан видеоға түсіріп, «ғарыш тортын» да көрсеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: