Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздегі курорттар: қонақ көп, баға қымбат

Қазақстан, курорт, қонақ үй, елдегі туризм, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 10:06 Сурет: Zakon.kz
2021 жылы еліміздің 19 курорттық аймағында 1575 қонақүй, коттедждер мен санаторийлер жұмыс істеді. 2020 жылы нөмірлер саны небәрі 1467 болса, бір жыл ішінде ол 3,3%-ға өсіп, 39,7 мыңға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлығы 58 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 72,8%-ға артық, деп жазды ranking.kz.

Еліміздің 19 курорттық аймағының ішінде:

  • Алматы тау кластерінде 53,9% қызмет көрсетілді: 31,2 млрд теңгеге;

  • Щучье-Бурабай курорттық аймағында 64,8% қызмет көрсетілді: 8,9 млрд теңгеге;

  • Маңғыстау облысында 70,8% қызмет көрсетілді: 7 млрд.

Бұл көрсеткіште Байқоңыр туристік аймағы қалыс қалды: небәрі 275 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,8 есеге аз.

Қонақ үйлер мен басқа да тұрғын үйлер 2021 жылы 2,6 миллион адамға қызмет көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 56,4%-ға көп.

Туристер көп барған жерлер:

  • Алматы таулары – 1,4 млн;

  • Маңғыстау курорттық аймағы – 273,2 мың адам;

  • Алматы облысының Алакөл курорттық аймағы – 226,3 мың адам;

  • Щучье-Бурабай курорттық аймағы – 183,1 мың адам.

    Туристер ең аз барған өңір – Байқоңыр туристік аймағы: бір жыл бұрынғы 104 адаммен салыстырғанда өткен жылы небәрі 87 адам барған.

    Биылғы жылы ел аумағындағы демалыс өткен жылдарға қарағанда қымбатырақ болады. Мәселен, осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша, санаторийлердің бағасы айына 2,3%-ға, жыл басынан бері 4,5%-ға, жылына бірден 12%-ға өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: