Демалыс жауын-шашынды болады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сақталады.
5 маусымда шығыста жаңбыр жауады, орталықта күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» РМК
Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Батыста 22-33, оңтүстік-батыста 29-37, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33 градусқа дейін ыстық, күндіз еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус ыстық болады. «Қазгидромет» РМК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript