Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары жарамсыз ауызсуды тұтынуға мәжбүр
Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары құрты бар су ішіп жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Судың сапасы бір жыл бұрын нашарлаған. Ол кезде жергілікті шенеуніктер артезиан ұңғымасынан бас тартып, үйлерді басқа нысанға қосқан. Содан бері судың түсі де иісі де бүлінген. Адамдар өз денсаулықтары үшін қорқады.
Өткен жылы ауыл тұрғындары шенеуніктерден бұрынғы су желісін қалдыруды сұрады. Бірақ әкімдікте оны жарамсыз деп шешіп, үйлерді жаңа су құбырына жалғады.
Еркін ауылы тұрғындарының айтуынша, жаңа резервуардың жанында үнемі мал жайылып жүреді.
Бұл жағдайға қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді. Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев атап өткендей, жаңа су желісіндегі су тексеріліп, пайдалануға жарамды екендігі нақтыланған.
Жаңа құбыр 700-ден астам үйді сумен қамтамасыз етеді. Су сараптамаға алынды.