Жаңалықтар тізбегі
0

Пәтер жалдау төлемдерін субсидиялауға 19 мыңнан аса өтінім түсті – ҚР ИИДМ

ҚР ИИДМ, пәтер жалдау төлемі, субсидия, ҚР Президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 15:30 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19285, олардың 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Ведомство «мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылып жатқанын» атап өтті.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері:

  • жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі,

  • өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы,

  • үй кезегіне тіркелмегені,

  • Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы,

  • оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені.

Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  1. Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836;

  2. Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782;

  3. Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887 және т.б.

Еске салсақ, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы осы жылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: