Бұршақ пен жел: 10 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның барлық аумағында дерлік найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желді жаңбыр жауып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.«Қазгидромет» РМК
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, батысында бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар жел күшейеді.
Түнде батыста, күндіз Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Жел де күшейеді.
Түнде оңтүстік-шығыста, күндіз солтүстікте, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауылмен қатар жел тұрады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында бұршақ, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел күшейеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында бұрқасын. Солтүстікте, батыста шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел соғады.
Күндіз Қарағандының солтүстігінде, шығысында, Павлодардың солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның батысында, Қызылорданың орталығында, оңтүстікте, Батыс Қазақстанның солтүстік-шығысында, шығыста, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жел күшейеді.
Күндіз Алматыда, Қарағандының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорданың орталығында, батыста, Қарағандының шығысында, Алматының батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Павлодардың батысында, оңтүстікте, Ақтөбе облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.