Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан, "Қазгидромет" РМК, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 12:47 Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік-батыс және оңтүстік циклондарының бірігуі арқасында, республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.«Қазгидромет» РМК

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста 25-35-ке дейін жылынады.

Солтүстікте 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды.

Шығыста 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді.

Орталықты 22-30-дан 27-32-ге дейін көтеріледі.

Оңтүстікте 35 жылу болжанады.

Ал оңтүстік өңірлерде 25-35-тен 20-30-ға дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: