Жаңалықтар тізбегі
0

Смартфон мен ноутбуктің камерасын жауып қойған дұрыс па – маман жауап берді

Ноутбук, смартфон, камера, тыңшылық, бақылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 10:00 Сурет: pixabay
Сарапшының айтуынша, компьютерлер мен ноутбуктерде зиянды кодтар бар-жоғын әрдайы сенімді антивируспен тексеріп отыру керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ноутбуктердің, компьютерлердің, тіпті смартфондардың камерасын жауып қою аурушаңдықтың белгісі емес, бұрыннан ақпараттық гигиенаның ережесі саналады, дейді «КиберМосква» жобасының жетекшісі Григорий Пащенко.

Түрлі зиянды бағдарламалар құрылғыларға кіріп, сол құрылғылардың камераларынан алынған құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алады, деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Интернетте көптеген әртүрлі вирустар таралады, содан кейін камералар арқылы бақылай алады. Шабуыл жасаушы, әдетте, вирусы бар файлды құжат, сурет немесе дыбыс түрінде жібереді, файл ашылғаннан кейін ол құрылғыны камерасы арқылы бақылауға көшеді. Григорий Пащенко

Сарапшының сөзінше, ноутбук немесе смартфон камерасын пайдаланатын адамға тыңшылық жасауға арналған қосымшалар жарнамалық мақсатта деректерді жинай алады, бірақ кейде олар белгілі бір адам туралы ақпарат алу үшін де қолданылуы мүмкін.

Қазір нақты адамдарды смартфон арқылы бақылау жиілеп кетті, мысалы, күйеуі әйелін немесе жұмыс беруші қызметкерлерін бақылағысы келеді. Немесе шабуылдаушының өзі әшкере материал жинап, оны сізге қарсы пайдалана алады. Сондай-ақ фотосуреттер мен бейнелердің қасиеттерін жақсартатын қосымшалар толқыны болды, бірақ сонымен бірге камера адамға тыңшылық жасап, жарнама беруші қосымшаны кім пайдаланып жатқанын, адамның қай жерде екенін талдай алуы үшін қолданылады.Григорий Пащенко

Сарапшы қауіптен қорғау үшін құрылғылардағы камераларды жауып, антивирустар пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар ол камералар қандай қосымшалар арқылы бақыланатынын жиі тексеріп тұруға кеңес берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: