Автожолдарда жарнама орналастырудың жаңа ережесі қабылданды
Сонымен сыртқы жарнама нысандарын орналастыру үшін:
оны халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда орналастыруды "ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы"АҚ филиалдарымен келісу керек;
облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жарнаманы орналастыруды жергілікті атқарушы органдармен келісу керек.
көрнекі жарнама объектілерінің иесі оларды қадағалап, жақсы жағдайда ұстауға міндетті.
Сонымен қатар құжатта сыртқы жарнама нысандарын орналастыруды келісу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі айқындалған.
Құжаттарды қарау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі – 5 жұмыс күні.
Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.