Аптап ыстық пен жаңбыр – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК, жауын,ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 11:52 Сурет: unsplash
Синоптиктер еліміз бойынша 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды: республиканың басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. «Қазгидромет» РМК

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді.

Бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз мынандай болады: батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте +40+45°С аптап ыстық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: