Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар саны артып келеді

COVID-19 , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2022 10:17 Сурет: Zakon.kz
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК Қазақстанда 25 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен бөлісті. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, инфекция Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстарында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 57 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл - бір күн бұрынғыға қарағанда үш адамға артық көрсеткіш. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 15,

  • Алматы қаласында – 33,

  • Шымкент қаласында - 3,

  • Ақмола облысында – 2,

  • Алматы облысында – 2,

  • Атырау облысында - 1,

  • Қарағанды облысында - 1.

Жалпы, елімізде 1 306 167 жағдай расталды.

КВИ-ден емделіп, сауыққандар туралы ақпарат

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 17 адам сауығып кетті, олардың ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 8,

  • Алматы қаласында - 9,

Жалпы, елімізде COVID-19-дан 1 292 228 адам емделіп, сауықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: